Біздің колледждің еріктілері қайта өңделетін материалдарды – пластик, қаңылтыр банка және макулатураны жинау бойынша экологиялық акция өткізді.
Мамыр айы қайта өңделетін материалдарды жинау айы болып жарияланды, онда ондаған килограмм қалдықтар екінші өмірге ие болады. Бұл біздің таза ғаламшарға, саналы тұтынуға және экологиялық таза мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесіміз.
Науқан нәтижесінде аздап жинап алдық, бірақ бұл саналы тұтынудың басы. Жиналған ақша Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қостанай облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» КММ балаларына тәтті сыйлықтар сатып алуға жұмсалады.
Кішкентай қадамдар - үлкен өзгерістерге әкеледі.
Баршаңызға алғыс айтамыз!